By : admin

Источник: nur.kz

Әлеуметтік желіге тарап кеткен 90-шы жылдардағы тойды көпшілік қызу талқыға салды. Kaztwitter парақшасында жариялаған видеоны көрген жұрт палаткада өткен тойларын еске алған деп жазады NUR.KZ.

Желідегілердің жасы үлкені жастық шақтарын сағына еске алған.

"Біздің тойымыз осылай өтіп еді", "Кілемге мақтамен жазылған жастардың атын айтсаңыздаршы", "Осының өзіне керемет дайындалатын едік", "Палаткадағы тойларға ештеңе жетпейді ғой", "Өте керемет уақыттар еді ғой, шіркін", "Кекілді қантпен қатыратын уақыттар ғой" деп жазды желідегілер.

Ал жастар жағы палаткадағы тойлардың тиімді болғанын жарыса жазды.

"Негізі осындай тойлар тиімді ғой", "Қазір тек шашылу. Бір-бірімен жарысу. Сол кездегі тойлар қалтаға сай болған ғой", "Еш шашылусыз", "Осындай той жасауға көнетін қыз қалды ма екен, қазір?!" деп пікір білдірді жастар қауымы.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Добавить комментарий