By : admin

Источник: nur.kz

Астана тұрғыны Гюзель Сағынтаева екі баласын әкелерінен қорғауды сұрады. Бұрынғы күйеуі балаларын ұрлап әкетіп, енді кездесуге рұқсат етпей жүр деп хабарлайды "31 арнаға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күйеуінің қорлығына шыдамаған Гюзель Сағынтаева 2013 жылы ажырасыпты. Үйден екі баласынан басқа ешнәрсе алмай, кетіп қалған.

Күйеуі тарапынан үздіксіз қоқан-лоққы көрсетілгендіктен, құқық қорғау органдары оған туристік визамен Біріккен Араб әмірлігіне балаларымен бірге кетуге көмектескен.

Алайда Қазақстанға оралғанда күйеуі балаларын ұрлап кетіпті

«Балаларын асырау үшін араб елінде жұмыс істеу туралы келісімге қол қойған. Оның мерзімі аяқталмайынша, елге келе алмады. Ал күйеуі 2016 жылы сотқа балалардың мекенжайын анықтау туралы шағым түсірген», — деді келіншектің адвокаты Олег Корчагин.

Бұрын аналарын жақсы көрген балалар қазір оны көргісі келмейтін күйде екен. Гюзель мұны әке ықпалының әсері деп отыр.

«Балаларым мүлде басқаша болатын. Әкелері ұрып-соғып, қинап отыр. Балалар қорқып қалған. Мектеп психологінің өзі соны айтып отыр. Балаларды әкесімен қалдыруға болмайды. Олар бақытсыз», – деді Гюзель.

Гюзельге өзі секілді 30-ға жуық әйел хабарласып, мұңын шаққан. Олар да балаларына жете алмай жүр екен.

Заңгерлер заңда мұндай жағдайды реттейтін барлық шара қарастырылғанын жеткізді.

«Егер ата-ана сот үкімін орындамаса, олардан балаларын тартып алуға болады»,— деді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы Дәурен Саиханов.

Дереккөз: 31 арна

Добавить комментарий