By : admin

Источник: nur.kz

Отбасы құрғанына 10 жылдан асқан әйел бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр. Қолында екі дипломы болса да, келіншек үйленгелі жұмыс істеп көрмеген екен. Тіпті, күйеуі оны үйден шығармай, той-томалақтарға да жалғыз барып жүріпті деп жазады "Алаш айнасы".

Жұбайының қылықтарынан әбден шаршаған әйел қазір бір жаққа шығу үшін үйде ұрыс болатынын айтады.

Сырттан келген уақытта оған күйеуі біреумен ұйықтап келгендей қарайды екен. Қайта-қайта телефон шалып, "тез қайт" дегені бөлек әңгіме.

"Бір жаққа апарса тыныш отыр, артық сөйлеме, дұрыс биле т.б. "өйтпе, бүйтпе" дейді. Үйде көзіне ілмейді. Түнде бір нәрсе керек болғанда ғана жалмаңдап келеді", — дейді келіншек.

Бес баланың анасының айтуынша, күйеуі жақсы табыс табады. Алайда керегіңді ал деп ақша беріп көрмепті. Керек ақшасын жылап, жалынып жүріп сұрап алатын әйел артынан келген киімдерін әлі киіп жүргенін айтады.

"Осының бәріне қазір жүйкем жұқарып, күйзелісте жүрмін. Не үшін мен осындай қорлық көруім керек. Қаланың шетінде тұрамыз, араласатын көршім де жоқ. Ұялы телефон ұстасам тексереді, біреумен сөйлесіп жүрсің деп айтады. Одан басқа да қорлығы жетерлік. Ішпейді, ішсе де орнымен, бірақ жаңағыдай қылықтарымен маған психологиялық қысым көрсетеді. Не істеуім керек? Былайша айтқанда, мені езіп тастаған", -дейді әйел.

Добавить комментарий