By : admin

Источник: nur.kz

Әлеуметтік желіде той үстінде жұлқына билеген жұптың видеосы қызу талқыға түсті. Бейнежазбадағы азаматтың келіншекті көтеріп алып, айналдыра кеткені жұрттың көңілінен шықпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Видеодан мың бұрала билеген азамат пен келіншектің көтеріңкі көңіл-күйде екені байқалады. Олардың қуанышты екендері соншалық, бір мезетте ер азамат әйелді көтеріп алып, айналдыра бастаған.

Артынша ол бикештің бір аяғын көтеріп, тағы да әсем биін жалғастырыпты.

Бейнежазбаның қашан және қай өңірде түсірілгені белгісіз. Ал видеоны көрген желі қолданушылары бұл әрекеттің ұят екенін алға тартқан.

Добавить комментарий